Мен өз елімнің патриотымын
Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта білім беру мектебінде 2 қыркүйек күні «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынынан кейін барлық сыныптарда : «Мен өз елімнің патриотымын» атты сынып сағаттары өтілді. Патриот – ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан салт – дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір – қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға.
Біз, Қазақстанның патриотымыз!