Ғабит Мүсіреповке -115 жыл
Ұлыстың Ұлы күні Қазақстан халық жазушысы, Социалистік Еңбек Ері, академик М.Ғ.Махмутұлының дүниеге келген күні. Алты Алаштың атын әлемге паш еткен халқымызыдың біртуар перзенттерінің бірі, мақтанышымыз, жерлес жазушымыз Ғабит атамызға-115 жыл. Туған күніне орай Ғабит Мүсірепов мүсінінің жанында митинг өтіп, гүл шоқтары қойылды. Митингке ауыл тұрғындары, мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатынасты. Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектебінің оқушылары аталарына арнаған өз арнауларын оқыды. Мектепте Ғабит атамызға арналған іс-шаралар өтті. З.Қабдолов айтқандай:
«Мүсіреповті мақтаудың керегі жоқ, Мүсіреповпен мақтану керек» Біз Ғабит атамызбен мақтанамыз!